ASTANA TV телеарнасы көрермен назарына жаңа телехикая ұсынады. Әлі сиясы кеппеген туынды былтыр таспаланып, әлемдік телеэкрандарға енді ғана жол тарта бастады. Сериалды алғашқылардың бірі болып қазақстандықтар да тамашалай алады.
Жобаны «Элиф» атты танымал телехикаясымен таныс Stellar Yapım компаниясы түсірген. Басты рольдерді Айбике Йылмаз және Эмре Озмен есімді актерлер сомдайды.
Телехикая Түркияның ең көрікті жерлерінде түсірілген және көрерменді оқиға желісімен ғана емес, көз тартар сұлулығымен де қуантпақ.
Оқиға Джейлан (Айбике Йылмаз) мен Каранның (Эмре Өзмен) махаббат оқиғасына негізделген. Джейлан – қарапайым отбасыдан шыққан сұлу да кербез қыз. Ал Каран ауқатты, текті отбасыдан. Ендігі жауыр болған сюжет сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, екі жастың махаббат оқиғасының басты қиындығы отбасылардың әлеуметтік теңсіздігіне келіп тірелмейді.
Каранды кездестірмей тұрғанда, Джейлан өмірге ғашық, алаңсыз күн кешкен, шынайы махаббатын кездестірсем деп армандаған қыздардың бірі еді. Алайда, сұңғақ бойлы, сымбатты Каранды жолықтырғаннан кейін өмірі түбегейлі өзгереді. Бақыт таңы атқалы тұрғандай көрінгенмен, күтпеген оқиғалар шынайы, таза сезімнің күлін көкке ұшырады. Джейланға кісі өлтірді деген айып тағылады. Ал Каран ағасының жесір қалған әйеліне әмеңгерлікпен үйленуіне тура келеді. Қос ғашықтың бір-біріне берген уәделері артта қалады. Десе де, іңкәр сезімді дәл солай ысыра салу оңай ма?
Айта кетсек, ASTANA TV арнасы «Қолымнан ұста» телехикаясының көрермендері арасында байқау өткізеді. Жеңімпаздар теледидар, тоңазытқыш сияқты бағалы сыйлықтарға ие болады. Бас жүлде – Түркияға екі адамға жолдама. Байқау шарттары туралы толық ақпарат ASTANA TV телеарнасының әлеуметтік желілерінде жазылған.
Наурыз мейрамын Анадолы елінде қарсы алғыңыз келсе, күн сайын ASTANA TV телеарнасынан «Қолымнан ұста» телехикаясын үзбей көріңіз. Телехикаяның тұсаукесері 19 ақпан, сағат 21.00-де. ASTANA TV арнасы қосулы болсын!