Оралда
діни экстремизмді насихаттап, сол үшін сотталған азаматтардың әйелдеріне
түсіндіру жұмыстары жүргізіле бастады. Теріс діни ағымды ұстанғандарды райынан қайтару үшін, Алматыдан
теолог-мамандар арнайы келіпті. Мұндағы мақсат - адасқандардың көзін ашып, жат
көзқарастың таралуына жол бермеу. Қазір облыста дінтанушылар мен психологтар
және полицейлерден жасақталған 26 ақпараттық-насихат тобы құрылған.
Намаз
оқымаған адамның барлығы кәпір деп ойладық. Тума-туысқандарымның арасында
дастарқанға отырмайтын едік. Бірақ олай емес екен, мына теолог мамандар соны
түсіндірді.
Азамат
Төлепов, Орал қаласындағы РУ170/2 мекемесі жедел бөлімінің аға жедел уәкілі:
Күйеулері
қандай дінді ұстанса, әйелдері де соны ұстанады. Егер олардың күйеулері
дұрысталатын болса, әйелдері де дұрысталады. 100
пайыз барлығы райынан қайтты деп айта алмаймыз. Бірақ 90 пайызы рахметін айтып,
кейбір нәрселерді дұрыс түсінбей жүр екенбіз, рахмет, тағы да жиі кездесу болып
тұрса, тоқтап қалмаса деді.
Еркін
КАРИН