"АMANAT" партиясы "Қарызсыз қоғам" жобасын бастады. Үш жылдың ішінде өзін ақтаған бастама халықтың қаржылық сауатын арттыруға оң ықпал етті, дейді ұйымдастырушылар.
Мамандардан кеңес сұраған тұрғындардың дені - банктер мен өзге де қаржы ұйымдарына берешегі 90 күннен асқан азаматтар. Олар бір апта бойы қаржы әліппесімен танысып, несиенің процентін есептеу қала берді ақшасын шашпай, тиімді жұмсауды үйренеді. Биыл облыс көлемінде 12 мыңнан астам адамды оқыту жоспарланған.
АНАРХАН ҚҰТТЫҒАЛИЕВА, "ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ" ЖОБАСЫНЫҢ МЕНТОРЫ:
Қаржылық сауаттылық бойынша адамдар өзінің қаржысының кіріс-шығысын есептемейді. Яғни, күнделікті жазып отырмайды өздерінің кіріс-шығыстарын. Яғни, одан кейін берілетін екінші деңгейдегі банктегі несиенің пайыздарын олар есептемейді. Сондықтан олар деген жаңағы мақсатсыз кредит алып, соңында несиесін өтей алмай, осындай 90 күннен астам несиеге батып отырған тұлғалар.
Ойда жоқта қарызға батып қамыққандардың арасында кәсіпкерлер де бар. Олар банкке берешек болмаса да, қаржылық сауатын арттырған артық етпейді, дейді мамандар. Өйткені тұрғындар несиені азайтудың амалын, алаяқтық әрекеттерді әшкерелеп үйренеді. Ал ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер компания бюджетін қалыптастыру тәртібі, салық есеп-қисабын жасауды меңгеріп, мемлекеттік бағдарламалар туралы құнды ақпарат алады.
Азамат САФИМАЛИЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ БҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Біз халықпен кездескенде айтып жүреміз. Мұның барлығы тегін. Біздің партиялық жоба аясында қиналып жүрген азаматтарға қолымыздан келгенше көмектесіп, партия арқылы сол азаматтардың мәселелерін шешу ең бастысы. Сол мәселелерді біз банктермен AMANAT партиясы келісп, көмек жасап, сол азаматтарды қиындықтан шығару жөнінде жұмыстанатын боламыз.