$503.15 €543.3 ₽5.93
×

«AMANAT» партиясының мүшелері кезекті мобильді қабылдау өткізді

«AMANAT» партиясының мүшелері кезекті мобильді қабылдау өткізді

Шымкент қаласының тұрғындары жаяу жүргіншілер жолы жоқтығына наразы. Халық бүгін жауған қар ертең еріп, ми батпақ әуреге салады, дейді. Тұрғындар бұл мәселені «АМАNАТ» партиясының қоғамдық қабылдауында айтты.

Әл-Фараби ауданының тұрғындары партия мүшелерінен көшелерді асфальттау, жаяу жүргіншілер жолын салуды сұрады. Сондай-ақ жолдарды кеңейтіп, қоғамдық көліктердің санын арттыру және бағытын өзгертуді өтінді. Оған қоса, көшелерге атау беру мәселесін де көтерді.

ЕРЕЖЕП ШЕРМАТОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Қалып кеткен, мысалы Наурыз көшесіне үш жерден түсіру керек тротуар, асфальт. Бірінші тротуарын салып берсе екен деп отырмыз. Мына оқушыларымыз үсті лай деген сияқты, кеше қар су жаңбыр. Кеше қар жауса бүгін ериді де ертесіне лай ғой. Содан оқушылар құлап жатыр. Үстері лай болып жатыр.

Партияның Шымкенттегі филиалы былтыр қалада 99 мобильдік қабылдау өткізген. 500-ден аса азаматтың өтініш-тілегі тыңдалған. Соның 74 пайыздан астамы дер кезінде шешімін тапқан.

ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жерде көбіне жаңадан салынған үй-жай болғандықтан көп мәселе құжаттарының дұрыс еместігі анықталып жатыр. Және инфрақұрылым мәселесі свет, газ, су, жол мәселелері қозғалып жатыр. Бұның барлығын біз басшылыққа назарға алып жатырмыз.

Партияның көшпелі қоғамдық қабылдауы Қарағанды қаласының Сортировка ауданында өтті. Мұндағы тұрғындар аулалар мен саябақтарды абаттандыру, көшелерді қардан тазарту сынды коммуналдық мәселерді атады.

ВЕРА БУДЕНКО, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біраз уақыт бұрын біздің саябақта қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған көп күш жұмсалды. Жарықтандыру жұмыстары да жүргізілді. Атқарылған барлық іске дән ризамыз. Енді бір ғана тілегім бар. Осы саябаққа 2-3 аттракцион әкелінсе, бұдан да жақсы болар еді.

СЕРІК МҰҚАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мұндай проблемалық өтініштерді өзіміз де қабылдаймыз. Біз мәселенің оң шешім табуы үшін барлық құзырлы органдармен тығыз байланыстамыз. Ал түйткілді мәселелер туындаған кезде біз оларды «АМАNАТ» партиясы арқылы шешеміз. Олар өз өкілеттігімен көмектеседі. Бұл тұрғыда партия көп мәселені шешіп отыр.

Көшпелі қабылдауға тиісті сала мамандары қатысқандықтан көп проблеманың түйіні сол мезетте тарқады. Сортировка тұрғындары мұндай кездесулер көп мәселені шешуге септігін тигізетінін айтты.