$518.81 €596.27 ₽6.63
×

"ASTANA TV" телеарнасы көрермен назарына «Қолымнан ұста» түрік телехикаясын ұсынады

18.02.2025ж. 20:00
1565
"ASTANA TV" телеарнасы көрермен назарына «Қолымнан ұста» түрік телехикаясын ұсынады

Киносүйер қауым үшін сүйінші жаңалық! Ертең ASTANA телеарнасында «Қолымнан ұста» түрік телехикаясының тұсаукесері болады. Түркияның ең көрікті жерлерінде түсірілген туынды көрерменді шытырман оқиға желісімен бірден баурап алатыны анық. Қуанышты хабар мұнымен бітпейді. Телехикая көрермендері арасында байқау өтеді. Бас жүлде – Түркияға жолдама! Наурыз мейрамын Анадолы елінде қарсы алғыңыз келсе, күн сайын ASTANA телеарнасынан «Қолымнан ұста» телехикаясын үзбей көріңіздер.

Телехикая Джейлан мен Каранның махаббат оқиғасына негізделген. Джейлан – қарапайым отбасынан шыққан сұлу да кербез қыз. Ал Каран ауқатты, текті жердің жігіті. Өмірге ғашық, алаңсыз күн кешкен бойжеткен сүйіктісін жолықтырғаннан кейін тағдыры түбегейлі өзгереді.

Екі жастың арасындағы кіршіксіз сезімнің басты кедергісі әлеуметтік теңсіздікке келіп тірелмейді. Күтпеген жерден Джейланға кісі өлтірді деген айып тағылады. Ал Каран болса ағасының жесір қалған әйеліне әмеңгерлікпен үйленуіне тура келеді.

Қос ғашықтың бір-біріне берген уәделері ұмытыла ма? Каран мен Джейланның махаббат оқиғасы қалай өрбиді? Ертең 21.00-де «Қолымнан ұста» телехикаясының тұсаукесерін жіберіп алмаңыздар! Айта кетейік, көрермендер арасында өткізілетін байқау жеңімпаздары теледидар, тоңазытқыш сияқты бағалы сыйлықтарға ие болады. Бас жүлде – Түркияға екі адамға жолдама. Байқау шарттары туралы толық ақпарат ASTANA телеарнасының әлеуметтік желілерінде жазылған.