Енді тасқын суды алдын ала болжай аламыз. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Жаңа жүйе жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген. Министрдің айтуынша, өзендердің 128 учаскесіндегі 142 су бекеті бойынша су тасқынын модельдеу жүргізіледі. Сондай-ақ "Қазсушар" филиалдары мен бассейндік инспекциялардың 114 маманы су бекеттері бойынша деректерге күнделікті талдау жасайды. Сондай-ақ оны жүйеге енгізеді. Айта кетейік, қазір еліміздің су қоймалары 13 млрд текше метр су қабылдай алады.
АСЛАН АБДРАИМОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Тасқын ақпараттық жүйесінде “Қазгидромет” ұсынған алдын ала және ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, су деңгейінің ең жоғары көрсеткіштері негізінде су тасқыны қаупі бар аймақтарда ықтимал су басу аймақтарының моделдеуі жүргізілді. Ақпарат алмасу жедел жүреді. Көктемгі су тасқынын қабылдауға қоймаларда бос орын дайындау үшін су тастау жұмысы жалғасып жатыр.