$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Қызылжарда туған қызын пышақтаған әйел сотталды

18.02.2025ж. 20:00
157
Қызылжарда туған қызын пышақтаған әйел сотталды

Қызылжарда туған қызын пышақтаған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Еске салайық, Уәлиханов ауданындағы Өндіріс ауылының тұрғыны 11 жастағы қызының дәптері дұрыс толтырылмағанын байқап ашу-ызаға булыққан. Артынша үйдің ас бөлмесінен пышақ алып, жеткіншектің жамбас тұсынан 3 рет пышақ сұққан. Жауыз ананы оның енесі тоқтатыпты. Ізінше балаға дәрігерлер көмек көрсетіп, ота жасаған. Абырой болғанда ақхалаттылар жәбірленушіні ажал аузынан аман алып қалды. Әйелдің алты баласы бар. Қазір тіпті жетіншісіне жүкті екен. Бірақ бұған қарамастан сот оған қатаң жаза тағайындады.

Әсемгүл ТОҚТАРБАЕВА, СҚО КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР БОЙЫНША МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Сараптамаға сәйкес сотталушының қылмысты жасаған уақытта ақыл-есі сау болған. Аталған әйел бұған дейін сотталмаған. Осы және басқа да жағдайларды ескере келе ҚР қылмыстық кодексінің 106 бабы екінші бөліміне сәйкес сот оған 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.