$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Елімізде 30 миллион гекттарға жуық егістік алқабы тозған

18.02.2025ж. 20:00
178
Елімізде 30 миллион гекттарға жуық егістік алқабы тозған

Елімізде 30 миллион гекттарға жуық егістік алқабы тозған. Топырақ құнарлығы 17 пайызға төмендеген, ал суармалы жерлердегі сортаңдануы 35-37%-ға артқан. Бұл туралы Мәжіліс депаутат Нұржан Әшімбетов комитеттің топырақты қорғау туралы заң жобасының танысытырылымында мәлімдеді. Ол салдарынан ауыл шаруашылығы өнімі төмендеген деп ашынды. Жер және экологияға қатысты кодекстерде топырақты қорғау тетіктері қарастырылмағаннын тілге тиек етті.

НҰРЖАН ӘШІМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жалпы, заң жобаларын қабылдау экожүйені сақтауға, топырақ құнарлылығын сақтауға және арттыруға, ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығына, жердің тозуын болдырмауға ықпал ететін топырақты қорғаудың құқықтық негізін жасайды.