$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Ақтөбеде полиция айрықша белгісі жоқ қызметтік көлікке камера қондырды

AstanaTV
18.02.2025ж. 21:12
189
Ақтөбеде полиция айрықша белгісі жоқ қызметтік көлікке камера қондырды

Ақтөбеде полиция қызметкерлерінің айрықша белгісі жоқ көліктеріне және жедел жәрдемге 13 камера қондырылды. Бұл – жылдамдықты өлшейтін құрылғы, - деп жазды KAZINFORM

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы құрылғысы бар полиция көліктері көбіне қала сыртындағы жолдарда жүреді. Құрылғы көліктің жылдамдығын есептеп, лезде ақпарат береді. 

- Ақтөбе облысында айрықша белгілері жоқ қызметтік автокөліктерге және жедел жәрдем көліктеріне жылдамдықты автоматты түрде тіркейтін құралдар іске қосылды. Мақсат – жол қозғалысына қатаң бақылау жасап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Құрылғының қауіпсіз орта құруға көмегі болады. Қазір барлығы 13 құрылғы бар. Негізінен қала сыртындағы жолдарға жіберіледі. Анализ жасалды, дамыған елдерде осындай партульдеу қарастырылған, - деді Ақтөбе облыстық ПД әкімшілік Полиция басқармасы бастығының орынбасары Еркін Өтеген.

Былтыр Ақтөбеде 1766 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 166 адам қаза тапты, 2418 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Жол-көлік оқиғаларының 60 % астамы жылдамдықты асырғаннан болған.