$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Астанада 15-қабаттан құлаған жасөспірім қыздың жағдайы ауыр

AstanaTV
19.02.2025ж. 07:31
78
Астанада 15-қабаттан құлаған жасөспірім қыздың жағдайы ауыр

Астанада 15-қабаттан құлаған жасөспірімнің жағдайы ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, денесінің сау жері қалмаған. 12 жастағы қызды мұндай әркетке не итермелегені әлі анықталмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерде ыңырсып жатқан қызды жедел жәрдем дәрігерлері бірден қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізген. Көршілерінің айтуынша, кешкі сағат алты шамасында жасөспірім құлдилап барып, үйдің дәл іргесіндегі дүкеннің шатырына құлапты.

Қыздың бірнеше жерден сүйегі сынған, миы шайқалып, көп мөлшерде қан жоғалтқан. Дәрігерлер оқушының денсаулығын күні-түні бағдарлап, қажет көмекті көрсетіп жатыр. Бұған қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.

"Кәмелетке толмаған қыз баланың құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Биіктен құлаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр".
Астана полиция департаментінің баспасөз хатшысы Эльмира Шәуленова