$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Түркияда мектеп оқушылары мінген шағын автобус аударылды

AstanaTV
19.02.2025ж. 09:22
72
Түркияда мектеп оқушылары мінген шағын автобус аударылды

Түркияның Денизли қаласында мектеп оқушыларын тасымалдайтын микроавтобус жолдан шығып, аударылып қалған, деп хабарлады turkystan.kz.

Апат салдарынан екі адам қаза тауып, 26 адам жарақат алған.

Оқиға орнына жандармерия, полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем топтары жіберілді.

Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді.