Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Армения азаматы ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне велосипедпен бара жатыр

AstanaTV
08.06.2017ж. 20:00
2058
Армения азаматы ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне велосипедпен бара жатыр

Ереваннан - елордаға. Армения азаматы Артур Оганян ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін көру үшін велосипедпен келе жатыр. 5 ай бұрын жолға шыққан ол 6 мың шақырымды артта қалдырып, Тобыл өңіріне табан тіреді. Ендігі бағыты - Астана.

Қаңтардан бері қос дөңгелекті арбаның үстінде жүрген Артур Иран, Түркіменстан мемлекеттері арқылы Қазақстан жеріне жеткен. Бұған дейін Ресей мен Грузияны велосипедпен шарлап шыққан екен.  Бұл жолғы велосаяхаты ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналды. Әлемдік деңгейдегі игі-шараны  жалпақ жұртқа  насихаттап жүрген  азаматты армян қауымдастығы өкілдері қарсы алып, қаржылай қолдау көрсетуде. Артур Оганян шағын тіркемеге қажетті құрал-сайманы мен жол серігі «Граф» есімді төбетін  тиеп алыпты.

Артур Оганян, Армения Республикасының азаматы:

ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі жайында телеарналардан көрдім. Менің велосаяхатым осы елеулуі оқиғамен сәйкес келіп отыр. Бұл жолы 40 мың шақырым жерді шарлап өткім келеді. Және бұл сапарым халықтар достастығына арналады.

Заңғар САНАЙ