$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Астанадағы жарылыс: қауіпті жүк Еуропадан келген

AstanaTV
19.02.2025ж. 14:39
160
Астанадағы жарылыс: қауіпті жүк Еуропадан келген
фото: instagram/astana_brothers

14 ақпанда Астана вокзалында жарылыс болды. Ресми ақпаратқа сәйкес, вагонда электрогенераторлар тасымалданған, деп хабарлайды Orda.kz.

Көлік және коммуникациялар вице-министрі Талғат Ластаев оқиғаға қатысты жаңа мәліметтерді жеткізді.

«Шын мәнінде бұл Еуропа одағынан келген контейнер болатын. Онда, болжам бойынша, дизельді генератор бар жабдық тасымалданған. Жарылыстан ешкім зардап шеккен жоқ», – деді Ластаев үкіметтегі брифингте.

Қазіргі уақытта тиісті тергеу жүргізілуде. Мамандар жарылыс көзі мен себебін анықтауда. Тергеу нәтижелері бір ай ішінде жарияланады.

ҚТЖ алдын ала болжамы бойынша, жеке компанияға тиесілі контейнерде электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған.