Мемлекет басшысы Әл-Хусейния сарайына келді,-деп хабарлайды Ақорда.
Қазақстан Президентін Король II Абдалла бен әл-Хусейн мен Тақ мұрагері Әл-Хусейн қарсы алды.
Мәртебелі мейманның құрметіне сарай алдындағы алаңда Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Әскери оркестр Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Құрмет қарауылы ротасы бастығының рапортынан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.