$489.15 €533.47 ₽5.64
×

Шаруалар халықты жергілікті өніммен қамтамасыз ете алмай отыр

19.02.2025ж. 20:00
224
Шаруалар халықты жергілікті  өніммен қамтамасыз ете алмай отыр

Жылыжай өндірісі жылжымай тұр. Шаруалар халықты қажетті өніммен қамтамасыз ете алмауда. Саудагерлер көкөніс пен жеміс-жидекті көрші мемлекеттерден тасымалдауға мәжбүр. Салдарынан баға өткен жылмен салыстырғанда 15 %-ға өсті. Әріптесім мәселенің мән-жайын білді.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Мен қазір Елордадағы сауда үйлерінің біріндемін. Бұл жерге соңғы рет 3 ай бұрын келген болатынмын. Ол кезбен салыстырғанда бағада айтарлықтай өсім байқалады.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Бұл жерде мандарин мен апельсиннің қызыл түрлері де бар. Олардың орташа бағасы 1000 тг. Анардың келісі - 2000 тг. Айва жемісі - 1500 тг. Келесі алма олардың мұнда «АПОРТ», Әзірбайжандық «Салтанат» түрлері бар. Олардың орташа бағасы мұнда - 700тг. Алмұрт пен құрма - 1000 тг. Келесі барлығы сүйіп жейтін, қазіргі таңдағы тренд шайн мускат-2000 тг.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Жеміс-жидектер бізге басқа мемлекеттерден тасымалданса, керісінше көкөністер өзіміздің Қазақстандық өнім. Мысалы: картоп Қарағанды қаласынан сорты «Гала». Бағасы 370 тг. Одан соң жуа Сарыағаш қаласында өсіріледі. Келісі – 220тг. Сәбіз Жамбыл, Тараз қалаларында өсіріледі. Олардың келісі 220 тг.

БАҒЫМ ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА, САТУШЫ:

Сырттан келгеннен кейін тамояжнясы бар. Ары бері біздің складқа келіп түскеннен кейін күнделікті төлейтін ақылары бар міндетті түрде қымбатқа келеді.

Өткен жылмен салыстырғанда ең қатты қымбаттағаны – алма. Одан соң банан мен апельсинің бағасы өскен. Ал, көкөністердің ішінде сәбіз бағасы 18% өсті. Сонымен қатар қызылша, қияр, қызанақ, картоп қымбаттады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Қазір заман сондай барлығы қымбаттап жатыр.
- Сүт өнімдері, ет пен жеміс-жидек бағасы тым қымбат. Бұл зейнеткерлер үшін тиімсіз

Сатушылардың айтуынша, жеміс пен көкөністің дені өзге мемлекеттерден жетізіледі. Отандық өніммен жалпы қажеттілікті өтеу мүмкін емес. Себебі, елімізде жылыжай аз. Өндіріс көлемі төмен. Сондықтан олар тек жергілікті жерге ғана өнім өткізеді. Мысалы, Қызылордадағы «Казагромир» жылыжайы бір ауысымда 400-500 тонна өнім жинап алады. Серіктестік қаладағы бірнеше ірі дүкен мен базарды ғана қамтиды.

ЕРЛАН БИСЕНБАЙҰЛЫ, ЖЫЛЫЖАЙДЫҢ БАС БРИГАДИРІ:

Өнімімізді 1 айда 15 рет жинаймыз. Яғни күн ара жиналады. Әр жиналған күні 5-6 тоннаған дейін өнім береді.

Қазақстандық жылыжайлар Орта Азия бойынша бәсекеге қабілетсіз. Оның бірден бір себебі еліміздің кейбір аймақтарындағы климаттың қолайсыздығы дейді – мамандар. Биыл шаруаларға қолайлы жағдай үшін субсидия қарастырылған.

ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ:

«Агробизнес» әмбебап кредиттеу бағдарламасы шеңберінде жылыжай құрылысына кредит беру жүзеге асырылады, бұл ретте субсидиялау есебінен мөлшерлеме 6%-ға дейін төмендейді. Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру жөніндегі бағдарламаны барлық салалардағы сенім білдірілген агент арқылы іске асыру басталды.

Көкөніс, жеміс-жидектердің 60 пайызы өзге елден тасымалданады. Бағасы сондықтан қымбат дейді жауаптылар. Мәселені шешу үшін 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы аясында жылыжайларды салу және жаңғырту бойынша 68 млрд теңгеге 8 жобаны іске асыру жоспарлануда.