$488.53 €531.91 ₽5.68
×

«Әлеуметтік желі балалардың бесік жырына айналды», - депутат

19.02.2025ж. 20:00
130
«Әлеуметтік желі балалардың бесік жырына айналды», - депутат

"Қазір балалардың әліппесі – әлеуметтік желі, емізігі – TikTok, бесік жыры – Instagram". Депутаттар жастарды жалмап бара жатқан интернет атом бомбасынан кем түспейді дейді. Бұрын балалаларды «тәк-тәкпен» тәрбиелейтін едік, қазір TikTok-пен тәрбиелейміз деген мәжілісмен желіні бұғаттауды ұсынды. Мұндай практика өзге елдерде бар. Мәселен, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан тұрғындары емін-еркін пайдалана алмайды.

ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Құмар ойындарды жарнамалау, стримдер арқылы әдепсіз әрекеттер көрсету, боқауыз сөздер, порнография, суицидке шақыру, діни уағыздардың оңды-солды таралуы, буллинг, тыйым салынған заттардың жарнамасы секілді теріс әрекеттерге шақыратын лас ақпараттар осы TikTok арқылы таралып жатыр. Жасөспірімдердің TikTok-тан көргенін қайталап, жағымсыз қылық пен әдепсіз іске үйір болып бара жатқаны да жасырын емес.