"АМАNАТ" партиясы Өскемен қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасындағы 57 жоба аяқталған. 11 жоба жүзеге асырылуда. Партия мүшелері былтырғы жұмысты қорытындылады. Олардың айтуынша, жергілікті тұрғындарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер шешімін тапқан. Атап айтқанда, қаланың шалғай аудандары мен облыстың елді мекендеріне қатынайтын қосымша қоғамдық көліктер жұмыс істеуде. Жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылған. Балаларға арналған ойын алаңдары салынды. Жалпы, әлеуметтік саланы дамытуда айтарлықтай ілгерілеушілік бар.
САЙРАНГҮЛ ЖҰМАДІЛОВА, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Негізі алға қойылған сайлауалды бағдарлама, сол бағдарламаның 90 пайыздан астамы орындалған. Ол ауыз сумен қамтамасыз ету, жол жөндеу, су құбырларын жөндеу, тұрғын үй мәселелері, денсаулық, білі саласының мәселелерінің барлығы депутаттардың араласуымен дер кезінде орындалып, шешіліп отырған.