$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Шымкенттегі Тұран шағын ауданында көпқабатты үйлердің ауласы тазартылды

Шымкенттегі Тұран шағын ауданында көпқабатты үйлердің ауласы тазартылды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шымкентте төрт ауданда тазалық шарасы өтті. Оған мыңға тарта адам атсалысты. Көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары, үлкен жолдың бойы қоқыстан тазартылды. Тұран шағын ауданында қыста қар астында қалып қойған қураған шөп шабылып, жаңа мектептің айналасы сыпырылды. Бұл - көпқабатты үйлер көптеп салынып жатқан аудан.

БАУЫРЖАН ҚАЛДЫБАЕВ, ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Жанымызда мектеп тұр, жайлы мектеп. Осының жанында балалардың жүріп тұруына қолайлы болу мақсатында тазалап, айналасының бәрін жуып-шайып «Таза Қазақстан» акциясы аясында жұмыстар атқарып жатырмыз.