Алматыда 98 жастағы соғыс ардагеріне көмек көрсетілді. Іс-шара Жеңістің 80 жылдығына орай «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Леонид Подколзин – мегаполистегі көзі тірі санаулы соғыс ардагерінің бірі. «AMANAT» партиясының мүшелері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің сержанттар құрамын даярлау бөлімінің жауынгерлері ғасыр жасаған қарияға арнайы сыйлық табыстады. Майдан ардагері соғыстағы естеліктерімен бөлісті.
БАЙМҰРАТ ЖАМБЫЛОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Күні кеше ғана осы ауданымызда тұратын тыл еңбек ардагерінің де үйіне барып, қарын тазалап беріп көмектесіп қол ұшын беріп көмектестік. Әрине, жылдың аяғына дейін мұндай «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жоба аясында көптеген іс-шаралар өтетін болады бізде.