Еліміздің батыс аймақтарында жедел жәрдем көлігінің 90 пайызға жуығының тозығы жеткен. Денсаулық сақтау министрлігі қорқынышты статистиканы жариялады. Санитарлық автокөліктің тозу деңгейі бойынша Батыс Қазақстан облысы бірінші орында тұр. Онан кейін Маңғыстау мен Атырау. Тозған көлікпен көрсетілер медициналық қызмет қаншалықты сапалы? Аймақтағы тілшілеріміз баяндайды.
ЕРКІН КАРИН, ТІЛШІ:
Батыс Қазақстан облысындағы жедел жәрдем көліктерінің 86 проценті тозған. Сондықтан саулығы сыр бергендерге дәрігердің тез жетуі оңай емес. Өйткені тәулік бойы тыным таппайтын техника жиі-жиі істен шығады. Кесірінен науқастың тағдыры таразыға түссе, ауру мен ажалға араша тұрар дәрігердің де жүйкесі жұқаратыны анық.
Мамандардың есебінше, 1 жыл пайдаланылған техниканың тозу деңгейі 25% деп есептеледі. Ал өңірдегі жедел жәрдем көліктері соңғы рет үш жыл бұрын жаңартылыпты. Бірақ жаңасының өзі көпке шыдамайды - бір жылдан кейін әлдебір ақауы шығады. Әзірге бұзылғандарын өзіміз жөндеп, амалдап отырмыз, дейді мекеме басшысы.
СЕРІК ОРЫНБАСАРОВ, БҚО ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Бізде қытайлық автокөліктер бар, бірақ олардың төзімділігі өте нашар. Сапасы төмен. Бір жылға шыдамай, бұзылып жатады. Кореялық автокөліктердің төзімділігі жоғары. Сапалы жасалған. Автокөлік тәулік бойы жұмыс істейді, соған біздің жолдың сапалары, шұқыр-тесіктері амортизационный изностарына осылай ықпалын тигізіп жатады.
Облыстағы жедел жәрдем стансасында 96 санитарлық көлік бар. Бәрі медициналық құралдармен толық жабдықталған. Бірақ жыл сайын жаңартып тұрмаса, көмекке асыққан дәрігердің жаяу қалуы ғажап емес.
ЕРКІН КАРИН, ТІЛШІ:
Жедел жәрдем басшылығы биыл жаңадан 30 көлік сатып аламыз, осылайша "кесірлі" көрсеткіштен біртіндеп құтылармыз деп үміттенеді. Базаргүл, Атыраудағы ағайынның халі қалай? Дәрігерлеріңіз ескі көлікпен науқас тасимыз деп есі шыққан жоқ па?
Иа Еркін, Атыраудағы жедел жәрдем көлігінің өзіне жедел жәрдем керек. Тәулік бойы қызмет көрсететін санитарлық көліктер уақытынан бұрын ескіріп, әупірімдеп жүр. Науқасқа алғаш болып көмекке ұмтылатындықтан тұрғызып қоюға болмайды. Сондықтан жедел жөндеп, қатарға қосамыз,- дейді механиктер.
Айтуларынша, мұндағы көліктер 5 жылдың өзіне шыдас бермейді.Әсіресе, қозғалтқышы, жүріс бөлігі, беріліс қорабы, ілінісі жиі бұзылады. Кейде көлік жөндеу орталықтарына қоюға тура келеді екен.
ШАҢГЕРЕЙ ЕСМҰХАНОВ, БАС МЕХАНИК:
Аудандардағы жағдай сондай, ЖАКтар қытай көліктері болған соң жиі бұзылады. Оларда да сол коробкасы кетеді, сцеплениесі кетеді. Моторы кетіп қалады. Ходовойлар шыдатпайды, алыс жолдан келеді, қалаға келеді. Іштен жөндеуге келмесе келісімшартпен жұмыс істейтін көлік жөндеу орталықтарына апарып, жасатып, шығарып жіберіп жатырмыз машианаларды. Бір мезгілде бәрін тоқтапай, барынша шығарып жіберуге тырысамыз.
700 мыңнан астам халқы бар Атырау облысында 110 жедел жәрдем көлігі бар. Бұл – жеткілікті ,- дейді жедел жәрдем станциясының басшысы. 2020 жылы 60, 2022 жылы 25 жаңа автокөлік алынған. Дегенмен әлі де 70 пайызға жуығын жаңалау керек.
АЗАМАТ ЕРБОЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Әр көліктің өзінің экономикалық есептелгенде амортизациялық тозуы бар сонымен есептеп шығарғандағы 69,1 көрсетіп отыр. Қазіргі таңда автокөліктер жеткілікті. Барлығы күнделікті қызметтерін жасап жатыр. + Биыл лизинг бітті 25те. Биылдан да лизингке 20 машина алынады.
БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Өңірде 7 аудан мен қаланы қосқанда барлығы 11 жедел жәрдем бекеті бар. Оларға тәулігіне бір мыңға жуық қоңырау түседі. Адам жанына араша болар жедел жәрдем көлігі Қостанайда қалай қызмет етіп жүр? Заңғар..
ЗАҢҒАР САНАЙ,ТІЛШІ:
Иә, Тобыл өңіріндегі санитарлық автокөліктер де тозып тұр. Арнаулы көліктердің 70 пайызы ескірген. Кейінгі 3 жылда 600 миллион теңгеге арнаулы автокөлік сатып алынған екен. Бірақ бір жылда 100 мыңға жуық шақырым жүретін көліктер көп ұзамай істен шығатын көрінеді.
Қостанай облысында 327 санитарлық және 96 жедел медициналық көлік бар. Былтыр өңір тұрғындары 336 мың рет жедел көлік шақыртқан. Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше кейінгі 3 жылда 50 жаңа көлік сатып алынған.
ЕРБОЛ ДОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жыл сайын санитарлық автокөлік пен жедел жәрдем маншиналарын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгнігі таңда жергілікті бюджеттен 633 миллион теңге бөлініп, оған 10 жедел медицнцлақы көмек машинасын лизингке алу қарастырыплып жатыр.
Көпшіліктің айтуына сенсек қаладағы жедел медициналық көліктер жаңа. Ал аудандар мен ауылдарда ескірген.Тіпті кейбір елдімекенде атымен жоқ.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Райондарда мүмкін бар шығар.Ауылдарда ондай жоқ.
- Біз екі рет міндік.Анамызды апаруға.Кілең жаңа болды.
- Білмейді екем.Мен ондай жедел көлікке өтінім жасамаған екем.Сондықтан ол туралы білмейді екем.
Басқарма басшылары он көліктің сыртында тағы санитарлық көлік сатып алу үшін қосымша бюджеттік өтінім берілгенін хабарлады.
ЗАҢҒАР САНАЙ,ТІЛШІ
Арнаулы автокөліктердің көбі көрші мемлекетте шығарылады. Ресейдегі жағдайға байланысты оны сатып алу қиынға соғып отыр, дейді басқарма басшылығы.