Екі балалар-жасөспірім спорт мектебінің басшылары спорт алаңдары мен залдарын жалға беру қызметтерінен түсуі тиіс болған қаражатты негізсіз иемденген, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, олар 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде жұмсаған.
Аталған фактілер бойынша прокуратура 2 қылмыстық іс тіркеді. Тергеуді облыстық экономикалық тергеу департаменті жүргізді. Осы жылдың 10 қаңтарында тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.