Санаулы күндерден кейін қасиетті Рамазан айы басталады. Осыған байланысты Azattyq Rýhy Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маман Елбек Тасболатұлынан оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар туралы сұрады.
Ораза кезінде адам түкірігін де, сілекейін де жұта алады, оразаға кедергісі жоқ.
Егер қажеттілік болса, тісті жұлдыру керек. Бірақ, мүмкіндігінше ауызашарға қалдырғар абзал, өйткені тіс жұлдырғанда немесе емдеткеенде көбіне сырттан әртүрлі заттар немесе су жұтып қою қаупі жоғары. Егер жұтынып қойса, бір күндік қазаны өтейді.
Ораза кезінде душқа түсуге болады, бірақ душтың буланып кетуінен сақ болған жөн. Бассейнге баспен сүңгімей шомылуға болады, өйткені су астына сүңгу ұнамсыз іс саналады.
Дененің сыртқы жағы болғандықтан, денеге май жағудың оразаға кедергісі жоқ. Массаж жасата беруге болады. Ал массаж жасайтын мамандар өздері қатты әлсіреп, оразада қиналып қалмайтындай, мүмкіндігінше ауыр жұмыс істемегені абзал. Жалпы бұл жұмыстың оразаға келіп кетері жоқ.
Пластикалық хирургия оразаға тікелей қатысты емес. Егер пластикалық ота кезінде ауырсынуды басатын дәрі ексе, оразаға кедергісі жоқ. Мұндай укол оразаны бұзбайды.
Кальянға Рамазан айында ғана емес, жай күндері де тыйым салынады. Ал ораза кезінде тіпті болмайды, өйткені түтінді әдейі жұту – оразаны бұзатындардың қатарында. Темекі тарту немесе шылым шеккен адамның қасында әдейі тұру, сол арқылы түтінді жұту оразаны бұзады. Егер көшеде темекі тартқан адамның жанынан өткенде еріксіз темекі түтінін жұтып қойсаңыз, бұл жағдайда оразаңыз бұзылмайды.
Оразаға тікелей қатысы жоқ. Шариғатта үйлену ниетінде жазып жатыр ма, жоқ па соған қарайды. Егер үйлену ниетінде болмай, күнә істеп жатса, ол ораза айында болсын, басқа күндері болсын күнә болып есептеледі.
Адам оразаның сауабын сақтау үшін жаман сөздерден аулақ болуы керек. Қасиетті айда әдейі боқтау оразаны бұзбаса да, оның сауабын кемітеді деп есептейміз. Байқаусызда боқтау – бұл да жаман әдет.
Ұятсыз фильм көру – жалпы тыйым салынған амал. Күнә саналады, оразада адамның сауабын кемітеді, тіпті сауапсыз қалуы мүмкін. Сондықтан ораза кезінде мұндай әрекеттерден тыйылу керек. Оразаның бір мақсаты – адамды өз-өзін тәрбиелеуге себепкер болатын амал-құлшылық жасау.
Оразаға тікелей қатысы жоқ. Себебі мұндай нәрселер дәретке кедергі болса да, оразаға кедергі болмайды.
Бұлар оразаны бұзбайды, бірақ сауапты азайтады.
Банктен несие алуға жалпы рұқсат етілмеген, ал оразада сауабын азайтуға себеп болып қалады. Сондықтан Рамазан айында бойымызды күнәдан барынша аулақ ұстап, оразадан кейін де соны жалғастыруға тырысқан жөн.