$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Ұлытау облысында кеншілердің қазасы: «Қазақмыс» шахтаның опырылғанын жоққа шығарды

AstanaTV
20.02.2025ж. 15:23
196
Ұлытау облысында кеншілердің қазасы: «Қазақмыс» шахтаның опырылғанын жоққа шығарды
Фото: freepik.com

Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты шахтада 17 ақпанда жарылыс болды. Салдарынан жеті кенші қаза тапты. Компания тергеу жұмыстарына қатысты мәлімет жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компанияның мәліметінше, бастапқыда қайғылы оқиғаға тау жынысының опырылуы себеп болғаны айтылған. Алайда апаттан құтқару тобы опырылудың болмағанын анықтады.

«Кеніштегі жұмыс тергеу аяқталғанға дейін тоқтатылды. Табиғи газдың жарылуына не себеп болғаны талданып жатыр. Компания Үкіметтік комиссиямен және тергеу органдарымен қоян-қолтық жұмыс істеуде және қолданыстағы қауіпсіздік стандарттарына түзету енгізуді жоспарлап отыр. Соңғы үш жылда Қазақмыс еңбек қауіпсіздігіне 87 млрд теңгеден астам инвестиция салды, ал 2025 жылға жоспарланған қаржыландыру көлемі 38 млрд теңгені құрайды. Компания жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беруді жалғастырады», - делінген компания хабарламасында.