Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова педагог-психологтардың біліктілік мәселесін көтерді, деп хабарлайды Astana TV.
Психологиялық қызметке қатысты ауқымды шаралар жасалды. Бұған дейін психологиялық қызметке немқұрайлы қарайтын, қазір міндеттелген. Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мен қауіпсіздігін қамту аясында білім басқармалары жанынан психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Сонымен қатар медициналық ұйымдардың жанында агрессорларға психологиялық көмек көрсететін мамандардың жұмысы заңдастырыла бастады. Бірақ, ақпарат ағыны, жаһандану кезеңіндегі өзгерістер психологиялық қызметті одан әрі дамытуды қажет етеді, — деді Жұлдыз Сүлейменова Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде өткен психология қызметінің проблемаларына арналған дөңгелес үстел барысында.
Сондай-ақ халық қалаулысы психолог мамандарын даярлау мәселесіне ден қойды.
Тағы бір айта кететін жайт, супервизия, яғни педагог-психологтарды қолдау, олардың өзіне де қолдау қажет. Қазір бізде супервизия мүлдем қарастырылмай тұр. Шынын айтқанда оларда тұлғалық тұрғыдан, психологиялық тұрғыдан сарқылады, — дейді ол.