$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Павлодарда ішімдікке сылқия тойған мектеп күзетшісі оқушыны ұрып тастаған

AstanaTV
20.02.2025ж. 15:57
149
Павлодарда ішімдікке сылқия тойған мектеп күзетшісі оқушыны ұрып тастаған
Фото: BFM.ru

Полиция Павлодар қаласының №36 орта мектебінде кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу дерегі бойынша тексеруді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мектеп күзетшісі сол күні жұмысқа мас күйінде келіп, 6-сынып оқушысының кеудесінен ұрған. Кәмелетке толмаған жасөспірім ауруханаға жүгінді.

"Полиция Павлодар мектептерінің бірінде кәмелетке толмағанға дене жарақатын салу дерегі бойынша тексеруді бастады. 19 ақпан күні мектеп күзетшісі мас күйінде 6-сынып оқушысының кеудесіне соққы жасаған. Бала ауруханаға жүгінген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Оқиғадан кейін күзетші медициналық айықтырғышқа орналастырылған. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін жауапқа тартылып, айыппұл салынды.