Дональд Трамп Украинаның көшбасшысы Владимир Зеленскийді тез соғысты тоқтатуға шақырды. АҚШ президенті Зеленскийдің “тек мықты комик” екенін айтып, оны сайлау өткізуден бас тартқаны үшін айыптады. Айтуынша, Зеленскийдің Украинадағы басшы ретінде рейтингі 4%. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар, Трамп Зеленскийді жеңу мүмкін емес соғысқа АҚШ-ты 350 миллиард доллар жұмсауына көндіргені үшін сынады. Айтуынша, АҚШ Еуропаға қарағанда бұл соғысқа 200 миллиард доллар артық жұмсады. Сонда да Еуропаның ақшасы кепілдендірілген, ал АҚШ мұның орнына ештеңе алмайды.
Трамп тіпті Зеленскийдің осы қаражаттың бір бөлігін жоғалтып жібергенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Украина президентін сайлау өткізуден бас тартқаны үшін айыптап, оның рейтингі Украинада 4% деп көрсетті. Айтуынша, әлі тек Байденді манипуляциялауға ғана келген.
“Сайланбаған диктатор Зеленский тез әрекет етуі керек, әйтпесе оның елінен түк қалмайды. Бұл арада біз Ресеймен соғысты тоқтату туралы сәтті келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Себебі бәрі мұны тек Трамп пен Трамп әкімшілігі жасай алатынын мойындайды", – деді ол.
Зеленский Трамптың айыптауларын теріске шығарды. Әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, Зеленскийге 57% украиналық сенім артқан. Зеленский Сауд Арабиясындағы келіссөздерге Украинаны қатыстырмағанын сынға алып Ресейлік тараптың жалған ақпаратына сенгені үшін Трампты сынады. Ал Трамп болса, өз кезегінде бұл отырыста келіссөздің сәтті өткенін мәлімдеді және Ресей соғысты тоқтатқысы келетінін айтты.
Трамптың кенет Зеленскийді сынауы Еуропада, әсіресе Германияда алаңдаушылықты тудырды. Канцлер Шольц оның айтқан мәлімдемесін сынап, бұл АҚШ-тың келіссөздердегі позициясын өзгерткенін жеткізді. Айтуынша, Украина келіссөздер процесінің бір бөлігі болуы керек.
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс болса, Зеленскийге Трамппен қоғамдық қақтығыстардан сақтануды ескертті. Өйткені Украина президентінің сыны жағдайды тек нашарлатуы мүмкін.
Сонымен қатар, Киевке Трамптың арнайы өкілі Кит Келлог келді. Демек, бұл АҚШ үшін мәселенің маңыздылығын көрсетеді.