Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті САММИТ-де Пәкістан мен Үндістан толыққанды мүше болып енді. Енді 8 мүшесі бар ұйым. Мұндағы маңызды мәселе - жаңа мүшелердің өзара қарым-қатынасы жұмсартып айтқанда, күрделі. Олардың арасында даулы мәселелер бар. Сонда бір ұйымға қалай бірігеді? Сарапшылардың айтуынша, ШЫҰ мүшелерінің міндеттері туралы тиісті құжатта екіжақты қиындықтар мен проблемаларды ұйымға енгізуге тыйым салынған. Яғни екеуара проблемалар екеуара шешіледі. Ал енді мәселелерін ұйым аясында талқыламайтын Үндістан мен Пәкістанның қосылуының нәтижесінде ШЫҰ Еуразияның 60 пайыздан астам аумағын, жер шары тұрғындарының 45 пайызын қамтиды. «ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің көлік-логистика пункттері арқылы тоғысуы, елдеріміздің экономикалық шекараларының ашылуы және Ұлы Жібек жолының жаңғыртылуы Қазақстанға болашақта зор басымдықтар береді» деген еді, Президент, былтыр. Ал биыл Пәкістан мен Үндістанның қосылуы, болашақта Иранның қабылдану ықтималдығы мүмкіндіктеріміздің аясын кеңейтеді.
Нұрсұлтан Назарбаев алдымен жоғары мәртебелі меймандарын ресми түрде қабылдады. Қытай төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан басшысы Алмазбек Атамбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан жетекшісі Эмомали Рахмон, Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев. Соңғысы, президент орынтағына отырғалы бері ұйымның жиынына алғаш рет қатысып отыр. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті Астанада соңғы рет алты жақты форматта өтті. Жиынды ашқан Н.Назарбаев Астана саммитінде ұйымның жаңа тарихы басталады,- деді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сегодня мы договорились подписать решение о завершении процедуры приёма и предоставление статуса государства члена ШОС Республики Индия, Исламской Республики Пакистан. Приём новых членов придаст новый мощный импульс развитию организации, будет содействовать росту её международного авторитета.
Мүше мемлекеттермен қатар байқаушы мемлекеттердің басшылары да жиналды. Белоруссия және Монғолия президенттері, Иран сыртқы істер министрі. Қабылданған Үндістан мен Пәкістан премьер-министрлері.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Казахстан на площадке Астанинского процесса продолжает вносить свой посильный вклад в переговорный процесс по урегулирования межсирийского кризиса. Важно обеспечить условия данных переговоров всех заинтересованных сторон. Казахстан является приверженцем идеи ядерного разоружения и нераспространения. В этой связи мы выступаем за скорейшее возобновление переговоров по урегулированию ядерной проблемы в Северной Корее.
Әдеттегідей, басты назарда аймақтық қауіпсіздік және халықаралық терроризммен күрес. Осы орайда мүше мемлекеттердің басшылары халықаралық тероризммен күрес бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады, экстремизммен күрес туралы конвенцияға қол қойылды.
Си Цзиньпин, ҚХР Төрағасы:
Қытай экстремизмге қарсы конвенцияның орындалуын қолдайды. Шанхай ынтымақтастық ұйымы терроризмге қарсы өңірлік құрылымының әлеуетін арттырады, есірткі айналымына қарсы күресті күшейтеді. Ұйымның кибертероризмге қарсы оқу-жаттығуын құптаймыз. Қауіпсіздік пен қорғаныс бойынша форум өткізуді, алдағы 3 жылға аталған теріс бағыттармен күрестің бағдарламасын жасап шығуды ұсынамыз.
Қырғызстан басшысы Шанхай ынтымақтастығы ұйымының даму банкін құру керек,- деген ұсынысын қайта көтерді.
Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан Президенті:
Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамытуға арналған банк құратын уақыт келді.Мұның маңыздылығын ескере отырып, Қырғыз Респбуликасы аталған ұйымның негізін қалаушылардың бірі екенін еске салғым келеді. Біз осыған дейін де айтқанбыз, қазір де қайталағым келеді, банк Бішкекте орналасуы керек.
Владимир Путин, РФ Президенті:
Құқықтық негіздерді бекіту бағытындағы басты қадам - экстремизмге қарсы конвенцияға қол қоюымыз. Біз бірлесе отырып, өңірдегі саяси-дипломатиялық шиеленістерді шешуге күш саламыз деп сенемін. Алдымен Таяу шығыста сондай-ақ, Сирияда.
Тараптар Ауғанстандағы ахуалға да алаңдаушылық білдірді. Ресей басшысы 2009 жылы жұмысы тоқтаған Ауғанстанмен байланыс жасау тобының қызметін жандандыруды ұсынды.
ҚХР Төрағасы Си
Цзиньпин САММИТ-тен бір күн бұрын келген. Президент Назарбаевтың айтуынша,
Қытай Қазақстанның экономикасында тікелей инвестиция, бөлінген несие және
бірлескен кәсіпорын көлемі бойынша негізгі серіктеске айналған. Қазіргі уақытта
Қазақстанға Қытайдың 51 кәсіпорны көшіріліп жатыр. «Сол мақсатта Қытайдан 28
миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция келмек. Үш кәсіпорын жұмыс істеп тұр,
алтауы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, ары қарай да жалғастырамыз. Энергетика,
транспорт, логистика бойынша жұмыс істеліп жатыр», - деді Н.Назарбаев.
- Мен "Пекин палас" қонақ үйіне орналастым.
Мұнда өз үйімде жүрген сияқтымын, - деген Си Цзиньпиннің 3 күндік ресми сапары
аясында Қазақстан мен Қытай арасында жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың
мерзімін ұзарту туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа сай тараптар Жаңажол газ
өңдеу зауытындағы газ өңдеу тарифтері жөнінде келісімді
"Ақтөбемұнайгаз-СНПС" компаниясы мен "ҚазМұнайГаз" компаниясы
арасындағы жекелеген келіссөздер аясында жасауға уағдаласқан. Келіссөз кезінде
президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстандағы мұнайдың 25 пайызын өндіретін
Қытай компанияларын "жақсы серіктес" деп бағалады.
Нұрсұлтан Назарбаев,
Қазақстан Республикасының Президенті:
Әр түрлі жағдайдағы басқосуларда өзара белсенді қимыл
жүргізіп келеміз. Бүгінде еліміздің экономикалық ынтымақтастығының дамуы
жоғарылай түсуде. Арамызда ортақ шешім таппаған мәселелер жоқ. Екі мемлекет
арасындағы қатынастар тиімді серіктестіктің дүниедегі үлгісі болып табылады.
Сондай-ақ, Қазақстанға тікелей инвестиция
тартатын Қазақстан-Қытай өндірістік қуат ынтымақтастығы қорының кейбір кіріс
түрлерін салықтан босату, Қорғас өзенінен бірлесіп селден қорғау бөгетін салу,
біріккен киноөндіріс туралы келісім, Қазақстан министрліктеріне Қытайдың
суперкомпьютерлерін беру, салық және телеарналар арасындағы ынтымақтастық
туралы келісімдерге қол қойылды.
Үлкен саясат
тақтасындағы жүрістер тұтастай мемлекет мүддесі үшін жасалады, қарапайым
адамдардың күрделі проблемалары тақтаға шығарылмайды. Әрине, жүріс жасағанда мемлекеттің
мәртебесі, ролі, тіпті құрылымы маңызды рол атқарады. Әйтсе де, негізінен
солай.