$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Ақтөбеде ауыл тұрғындары дыбыс оқшаулау қалқандарының орнатылуына қарсы

20.02.2025ж. 20:00
292
Ақтөбеде ауыл тұрғындары дыбыс оқшаулау қалқандарының орнатылуына қарсы

Ақтөбеде Бестамақ ауылының тұрғындары жол бойына дыбысты оқшаулау қалқандарының орнатылуына қарсы. Бұл балалардың өміріне қауіпті екенін айтады. Олар осы талаптарын алға тартып "Қазавтожол" мекемесін сотқа да берген. Алайда сот жобаны жалғастыруға шешім шығарған.

Бестамақ ауылында мыңға жуық үй бар. Халық саны төрт мыңнан асады. Ауыл ішін республикалық маңызы бар күре жол екіге бөліп тұр. 2021 жылдан бері күрделі жөндеуден өтіп жатқан жолға дыбысты оқшаулайтын төрт метрлік қоршаулар қойылмақ.

САЛТАНАТ ЕСІМОВА, ТҰРҒЫН:

Менің балаларым бар кішкентай садикке, мектепке өткіземін. Светофор қойды. Локальный жол притык қылып істеп берді. Мысалы балалар пешеходта жүгіреді. Мына локальный жолда машиналар жылдамдықпен келеді. Шумоизоляция қойылып жабылатын болса, мына жолда келе жатқан машиналарды көрмейді балалар. Кеше менің көз алдымда болған жағдай екі балаға машина сигнал беріп шақ тоқтатты.

АХМАДИН ЖҰБАТОВ, ТҰРҒЫН:

Ана жақта светофор, ана жақта остановка садикке больницаға бару үшін ана жақпен айналуым керек. Я болса мына жақты айналамын. Құдайға шүкір үш, төрт немере бар. Ертең қалай қатынайды. Онда бізге осы жаққа мектеп, медпункт салып берсін.

Тұрғындар биыл қол жинап «Қазавтожол»-ды сотқа берген. Бірақ облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты жобаны өзгеріссіз қалдырған.

ӘБДІЖӘМИЛ ӨРМЕКБАЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» АҚ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Бұл жобада қарастырылған шумэкран. Бұл кісілер қарсы болып сотқа жүгінген. Сот шешімі шықты. 10 ақпанда жоба бойынша қалдыру. Біз жобадан асып кете алмаймыз. Жоба бойынша саламыз. Біз проекті өзгерте алмаймыз.

Енді тұрғындар апелляциялық сотқа жүгінбек. Олар тиісті мекемеге тағы бір талап қойып, жаяу жүргінші жолын көбейтсе дейді.