$520.39 €609.58 ₽6.63
×

Соңғы 30 жылда қой саны 48%-ке қысқарған

20.02.2025ж. 20:00
240
Соңғы 30 жылда қой саны 48%-ке қысқарған

Елімізде қой шаруашылығы тұралап тұр. Соңғы 30 жылда Шопан ата төлінің саны 48%-ке қысқарған. Бұл туралы Сенат отырысында депутат Сұлтан Дүйсембинов айтты. Сөзінше, саладағы негізгі түйткілдердің бірі – қой шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен сату жүйесінің әлсіздігі. Етті, жүнді, теріні өңдейтін кәсіпорындардың жұмысы мардымсыз. Былтыр 15 млрд теңге субсидия бөлінгенімен, қой шаруашылығы ірі қара, құс және шошқа шаруашылығынан кейінгі 4 орынға ысырылып қалды.

СҰЛТАН ДҮЙСЕМБИНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Бүгінгі күнге салаға қатысты бағдарламаның жоқ екендігін атап өткен жөн. 2024 - 2026 жылдарға арналған Жол картасы ғана бекітілген. Саланың дамуы мен тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында арнайы бағдарлама әзірленіп, жұмыс жасау үдерісін ілгерілету уақыт талабы мен қоғам сұранысы.