$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Алматыда алаяқтар 19 жастағы қыздың атынан 113 миллион теңге кредит рәсімдеген

20.02.2025ж. 20:00
167
Алматыда алаяқтар 19 жастағы қыздың атынан 113 миллион теңге кредит рәсімдеген

Алматыда алаяқтар 19 жастағы қыздың атынан 113 миллион теңге кредит рәсімдеген. Ол есеп шоттары бұғалтталғанда өзінде осынша несие барын бір-ақ білген. Үш жылдан бері соттың табалдырығын тоздырып жүр. Өзі алмағанын дәлелдей алар емес. Қазір кез келген адамның деректерін тауып алу қиын емес. Басқасын айтпағанда тұрғын үйдің кіреберісіндегі пошта жәшіктеріне салынған сәлемде, түбіртекте ашықтан ашық жатады. Қауіпсіздік үшін депутаттар оны поштаматқа ауыстыру қажет деп бастама көтерген. Ол қашан, қалай жүзеге асады? Жомарт Түзелбай айтады.

ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Бұрын үйге кірген шыққан-сайын пошта жәшіктерін қарайтынбыз. Газет, хат келді ме екен деп елеңдейміз. Қазір сәлемдеме күтпейміз. Тек мынадай түбіртектер шашылып жатады. Оны ашып та қарамаймыз. Керексіз дүние дерсіз. Бірақ бар дерегің осында. Ол алаяқтардың қолына түссе не боларын елестетудің өзі қиын.

Диляраның да жеке деректері қолды болды. Алаяқтар оның атынан 113 миллион теңге кредит алған. Тіпті ешқандай құжатқа қол қоймаған. Тек бейнеқоңырау арқылы бейтаныс жанмен сөйлескен.

ДИЛЯРА АМРАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен ол кезде 19 жаста едім. Атымнан кредит алыныпты. 113 миллион теңге. Менің табысымда көп емес. Қалай осыншама соммада несие берілген. Үш жылдан бері соттасып келемін.

Жеке мәлімет пошта жәшіктерінде толып жатыр. Коммуналдық төлемдердің түбіртектерінде үй иесінің жеке сәйкестендіру нөмерінен бастап барлығы көрсетіледі. Ол ашық жерде жатады. Сондықтан поштамат орнату қауіпсіздік үшін маңызды.

НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Пәтер иелерінің келісімі қажет болады. Одан кейін келісім-шартқа отырады да, ары қарай орнатып соның жалпы қызметін жүргізеді. Яғни, керек заттарды сәлемдемелерді жаңағы тұрғындар осы поштаматтар арқылы алуға мүмкіндік туғызады. Енді сізге керек заттар керек болса немесе сәлемдеме келетін болса оны сізбен қатар басқа да азаматтар ала алады.

ЫҚТИЯР ҚАСЫМБЕКОВ, “QAZPOST” ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Поштамат орнатуды біртіндеп қолға алып жатырмыз. Пәтер иелері коперативтеріне түсіндірудеміз. Бұл поштаматқа тек сәлемдеме, коммуналдық түбіртек қана келмейді. Тіпті онлайн дүкендерге берілген тапсырыс та салынады. Бұл жүйе біздің курьерлердің жұмысын жеңілтеді.

Яғни, пошта жәшіктері жойылады. Бірақ бір сәтте емес. Бастысы қауіпсіздікке назар аударылмақ.