Биыл Ақтөбе облысында "Қарызсыз қоғам" жобасы арқылы 18 700 адам қаржылық сауатын арттырады. Бүгінде алғашқы лек курстан өтті. Жалпы еліміздің барлық өңірінде жоба арқылы оқыту басталды. Үш жылдан бері үздіксіз жүзеге асып келетін жобаның форматы аздап өзгерген. Биылдан бастап несие тарихында проблемасы бар, қарызын өтей алмай жүрген жандарға ден қойылмақ. Яғни, еліміз бойынша берешегі 90 күннен асқан 1 млн-нан аса адамды қамту жоспарланған. Қатысуға ниет білдіргендер сенім телефондарына хабарласа алады. Сондай-ақ курсқа қатыспай заңгер көмегіне жүгінуге мүмкіндігі бар. Жоба жетекшілері несиелік борышы 5 жылдан асқан жандарға банкорттық жариялауға жәрдемдеседі.
АЙГҮЛ СЕКСЕНОВА, «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ :
"Қарызсыз қоғам" жобасы биыл форматты өзгертіп бастадық. Онлайн және офлайн форматта. Қазіргі таңда бірінші легі оқып шықты. Бір апталық оқу үш күн офлайн интенсивті оқу, екі күн онлайн форматта кеңес алумен жалғасады. Биылғы жылдың басым көпшілігі қатысушылары бұл 90 күн өзінің несиелері бойынша төлей алмай жүрген несие төлемінен проблемасы бар жеке тұлғалар қатыса алады.
Былтыр Қызылордада жоба арқылы 11 мыңнан аса қызылордалық қаржылық сауатын ашты. Биыл да жобаға деген сұраныс ерекше. Үш қаржы сарапшысы аудандар мен қала орталығында өз жұмысын бастады. Әр топта 50-70 адамнан бар. Бір ерекшелігі, биыл қарызға батып, қиын жағдайда қалған азаматтардың жұмысқа орналасуына да мүмкіндік жасалмақ.
НАТАЛЬЯ МИШУКОВА, ҚАРЖЫ САРАПШЫСЫ:
Кейбір азаматтар қанша қарызы бар екенін де білмейді, қай банктен алғанын да ұмытып қалған жағдайлар да болады. Кейде адамдар бар шоттары жабық болғандықтан жұмысқа да тұра алмайды. Біз қосымша әрі қарай биыл собес қатты атсалысуда. Біз жұмысқа да орналастыруға көмегімізді тигіземіз.