«QAISAR» әскери-патриоттық жобасы аясында «Сарбаз болғым келеді» акциясы Жамбылда жалғасты. «АMANAT» партиясы облыстық филиалының «Жастар Рухы» Жастар қанаты студенттерді Шөлдала шекара бекетіне апарды. Онда жастар шекара шебінде жүрген қызметкерлердің бір күндік өмірін көріп, әскери қызметтің қыр-сырымен танысты. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың жатын орындары мен қаруларын және қызметтік иттердің қылмыскерлерді ұстау барысын бақылады.
ЕРҒАЛИ ӘБУҒАЛИ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Акция барысында біздің шекарашылардың жұмысының қаншалықты ауыр екендігін, күрделілігіне қарамастан жігіттердің күн-түн демей жұмыспен айналысып жатқандығын көрді. Көз қорқақ қол батыр дегендей келіп көріп, өздерінің пәкірлері оң екендігін, батылдық таныту керек екендігін түсінді.
Оралдық жастар полицияның жедел қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлерімен кездесті. Солардың бірі - Дубайда өткен SWAT Chellenge халықаралық жарысының жеңімпазы -Құралай Қабырайқызы. Жастар оған тәнті екенін жасырмады. Қойылған сұрақтар да қылмыспен күресер құрылымның қызметіне қатысты болды.
ҚҰРАЛАЙ ҚАБЫРАЙҚЫЗЫ, БҚО ПД АРНАЙЫ ЖАСАҚ ИНСПЕКТОРЫ:
Жастарға айтатыным - еліне пайдасын тигізетіндей азамат болса екен деймін. Әскерге барып, одан кейін елге қызмет етсе, соның өзін үлкен бір жетістік деп ойлаймын. Сондықтан жастарды жақсы ортамен араласуға, спортпен айналысуға, мамандық оқып және сол мамандықпен жұмыс істеп, өз үлестерін әр азамат қосса деп айтамын.