$502.89 €527.03 ₽5.71
×

Павлодарда күзетші оқушыны соққыға жықты

20.02.2025ж. 20:00
125
Павлодарда күзетші оқушыны соққыға жықты

Павлодарда мектеп күзетшісі оқушыны ұрып тастады. Оқиға оқудан тыс уақытта болған. Полицияның айтуынша, күзетші мас болған. Бала бірден аурухана жеткізілді. Жарақаты жеңіл болғандықтан, ол ауруханаға жатудан бас тартқан. Қазір бұл іс бойынша полиция іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталмақ. Сот медициналық сараптама тағайындалды.

ЖАННА БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Осы оқиғадан кейін күзетші медициналық айықтырғышқа жабылды. Ол қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін айыппұл арқалады. Ал полиция Білім беру басқармасына қызметкердің жұмыста мас күйінде жүргені үшін мектеп директорын да жауапгершілікке тарту туралы ұсыныс жолдады.