$502.89 €527.03 ₽5.71
×

Петропавлда кәріз коллекторында жарылыс болып, бес адам зардап шекті

20.02.2025ж. 20:00
142
Петропавлда кәріз коллекторында жарылыс болып, бес адам зардап шекті

Петропавл қаласында кәріз коллекторында жарылыс болып, авариялық бригаданың бес жұмысшысы зардап шекті. Оқыс оқиға үй ауласында болған. Кәріз коллекторындағы ескі құбырды бұзып жатқан кезде газ-ауа қоспасы жарылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, жарақаттанған бес қызметкердің біреуі үйіне емделуге жіберілген. Қалған төртеуі ауруханада жатыр. Оларды күйік шалған. Қазір бұл жағдайға қатысты тергеу басталды.