$502.89 €527.03 ₽5.71
×

Алматыда еріктілер 72 жастағы мүмкіндігі шектеулі қарияның ауласы мен үйін тазалады

20.02.2025ж. 20:00
138
Алматыда еріктілер 72 жастағы мүмкіндігі шектеулі қарияның ауласы мен үйін тазалады

Алматыда еріктілер 72 жастағы мүмкіндігі шектеулі қарияның ауласы мен үйін тазалап берді.

Бұл – «Таза Қазақстан» акциясы аясында дәстүрге айналған ерекше үрдіс. Валентина Александровнаның жүріп-тұруы қиын болғандықтан, оған арнайы жеке әлеуметтік көмекші тағайындалған. Ол белсенділерге қоңырау шалып, кейуанаға көмек керек екенін жеткізіпті. Еріктілер тобы қарт кісінің үйінің шатыры мен ауласында қатып қалған мұздарды күреп, қалың қардан тазартты

НҰРГҮЛ КЕРІМҚЫЗЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖЕТІСУ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ИДЕОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ:

Қыс мезгілінде біз көбінесе осындай жалғызбасты қарттарымызға келіп көмектесіп тұрамыз. Бұл кісілер кейде арнайы өздері өтініш жасайды. Бүгін біз келіп отырған қарт кісіміз бұл - Валентина Александровна. Біздің ауданымыздағы ардагер кісі, бұл кісі жалғызбасты болғандықтан осылай әрдайым көмек сұрап тұрады және мүмкіндігі шектеулі жан.

Ал Павлодарда оқушылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында картон шығаратын зауыттың жұмысымен танысты. Экскурсия барысында қағаздан жасалатын экологиялық таза өнімнің қалай жүзеге асатынын көзбен көріп, қолмен ұстауға мүмкіндік алды. Павлодар картон зауыты күніне 100 мың тонна қорап өнімдерін шығарады.

СЫМБАТ МҰХАМЕДИЯРОВА, ОҚУШЫ:

Мынандай жерлерде бірінші рет боламын. Негізінде өте қызықты. Маған ұнайды. Картонның қалай жасалатынын білген жоқпын. Картон біріншіден су болатынын бірінші рет естіп тұрмын. Сол мені қатты таңқалдырған.

ГҮЛНӘР ҚАЙДАРОВА, КАРТОН ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз кей кезде қолымыздағы кез келген қоқысты далаға тастай саламыз. Бұл әрине дұрыс емес. Сондықтан, жас ұрпақты экологияны таза ұстауға үйретуіміз керек. Қоқыстың өзін сұрыптап жинауды қазірден бастап айтуымыз тиіс. Біздің зауыт картоннан қалған қалдықты далаға тастамайды. Қалдықтың өзін әр қарай өңдеп, жұмыртқа салуға арналған қапшықтар жасаймыз. Сол себепті бізде ешқандай экологияға зиян келтіретін өнім қалмайды.