Мемлекет басшысы Ұлытау облысындағы кеніште болған қайғылы оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігін қатаң сақтауды тапсырды. Елімізде бекітілген талаптар өрескел бұзылған фактілер көп. Нысандардың қауіпсіздік жүйесімен жабдықталу деңгейі өте төмен. Өйткені компаниялар жобаларға тиісті мөлшерде инвестиция салмайды. Мұның барлығы техногенді апаттарға, жұмысшылардың қаза табуы мен жарақат алуына әкеп соқтырады дейді Президент. Сондықтан Үкіметке маңызды шараларды қабылдауға пәрмен берді. Енді Тоқаевтың бұл тапсырмасын Президент Әкімшілігі ерекше бақылауда ұстайды.