Тележүргізуші Динара Сәтжан ауыр атлет Илья Ильиннің қызының тұсауын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сәтжан желіге тұсаукесер тойдан үзінді салды.
«Әрдайым жолың болсын! Аяғыңды нық баса ғой, балапан, Құдай берген барлық әлеуетіңді іске асыра біл! Жаныңда әрқашан мейірімді және жақсы адамдар болсын! Қазақстанның жұлдызы әрі мақтанышы бол! Илья, Татьяна сіздерді тәп-тәтті қыздарыңыздың бірінші туған күнімен құттықтаймын! Сенімдеріңіз үшін рақмет», - деп жазба қалдырды журналист.
2023 жылы ауыр атлет Илья Ильин екінші рет шаңырақ көтеріп, бизнесвумен Татьяна Гордиенкоға үйленген. Жұптың Айли атты қыздары бар. Спортшының бірінші некесінен Милана атты қызы бар.