$502.47 €525.83 ₽5.68
×

«Қызым менің»: Ерке Есмахан құрсағындағы сәбиінің кім екенін айтты

AstanaTV
20.02.2025ж. 21:07
176
«Қызым менің»: Ерке Есмахан құрсағындағы сәбиінің кім екенін айтты
Фото: instagram/erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан Instagram желісінде Stories түсіріп отырып, абайсызда құрсағында сәбиінің жынысын айтып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода әнші боянуға арналған косметикаларын көрсетіп отырып, сөз арасында құрсағындағы сәбиінің кім екені туралы айтты.

«Көрсетіп отырған косметикамның бәрі жап-жаңа. Жақында Парижге барғанда алғанмын. Бұның бәрін енді қызыма да бере алмаймын. Қызым менсінбейтін шығар, «мама, мынаның бәрі ескі» деп», - дейді Ерке Есмахан Stories-те.

Ал видеоның бетіне «Қызым менің қызым» деп жазып қойды.

Ол сол сияқты балықтың уылдырығын көп жейтінін меңзеп, жүктілік уақытында 6 килограмм салмақ қосып алғанын айтты.