$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Ресейде ұшақ апатқа ұшырады

AstanaTV
21.02.2025ж. 00:22
142
Ресейде ұшақ апатқа ұшырады
Фото: ашық дереккөз

Ресейдің Нижегород облысындағы Восточный атты ұшқышсыз авиация әуежайы маңында жеңіл моторлы ұшақ құлады. Екі адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Оқиғаның себебін тергеушілер анықтайды.

«Кстов ауданы, Новоликеево ауылына жақын жерде жеңіл моторлы ұшақ қону кезінде жерге соғылып, өртке оранды. Өкінішке қарай, екі адам қаза тапты», - деп хабарлады Нижегород облысының Төтенше жағдайлар ведомствосы.

Өртті сөндіруге алты маман және екі техника бірлігі жұмылдырылған. Оқиға мән-жайын анықтау үшін тергеушілер мен Мәскеу орталық аймақтық көлік тергеу басқармасының мамандары жұмыс істеп жатыр.