$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Үш автобус жарылды

AstanaTV
21.02.2025ж. 11:06
101
Үш автобус жарылды

Тель-Авивтен 50 км қашықтықта орналасқан Бат-Ям қаласында үш автобус жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Times of Israel дерегінше, көліктердің ішіне бомбалар салынған. Авторлар жарылыстар іс жүзінде бір уақытта болғанын атап өтті. Белгілі болғандай, оқиға алдында жүргізушілерге көліктерді тоқтатып, жарылғыш құрылғылардың бар-жоғын тексеру керектігі айтылған.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді. Полиция қызметкерлері жарылыс аймағындағы көлік қозғалысын тоқтатты.