$502.47 €525.83 ₽5.68
×

“Астана” телеарнасында жаңа жоба

AstanaTV
21.02.2025ж. 13:49
123
“Астана” телеарнасында жаңа жоба

“Астана” телеарнасында жаңа жоба

Президент реформаларын қолдауға бағытталған бірегей телевизиялық өнім. Бағдарламаға “Қолтаңба” атауы берілген. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған шешімдердің, қол қойған заңдардың, берген тапсырмаларының орындалу барысы көрсетіледі.

Бағдарламаның алғашқы саны - есірткі қылмысына қарсы күрес мәселесіне арналады. Президент биыл 2 қаңтар күні «Ескірткіні, психотропты заттарды, прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттарды заңсыз өндірісіне қарсы әрекеттер туралы»заңға қол қойған еді. Бұл заңның қабылдануына «Аманат» партиясы мұрындық болған. Енді есірткі өндіретіндердің жазасы күшейтіліп, ал оны орналастырып жүргендерге жаза біршама жеңілдетіледі.

Бағдарлама әр жұма сайын 15:00-де “Астана” телеарнасында көрсетіледі.