$502.47 €525.83 ₽5.68
×

Димаш Құдайберген өзінің жаңа төсбелгісін алу үшін Сенатқа барған

AstanaTV
21.02.2025ж. 14:38
182
Димаш Құдайберген өзінің жаңа төсбелгісін алу үшін Сенатқа барған

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның халық әртісі, дүниежүзіне танымал Димаш Құдайбергенге Ізгі ниет елшісі төсбелгісін ресми түрде табыстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Сенат спикері әлеуметтік желідегі өз парақшасында жазды. Әшімбаев атап өткендей, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне дайындық қызып жатыр. Былтыр әлемнің әртүрлі мемлекеттеріндегі белгілі қоғам және дін қайраткерлері Съездің Ізгі ниет елшілері болып сайланған. Олардың арасында Димаш Құдайберген де бар.

«Осыған байланысты Димаш бауырымызбен арнайы кездесіп, оған Ізгі ниет елшісі белгісін ресми түрде табыс еттім. Осы орайда Димаш қазақтың ұлттық мәдениетін дәріптеумен қатар өнер арқылы бейбітшілік пен ізгілік идеяларын насихаттауға да үлкен үлес қосып келе жатқан дарын иесі екенін атап өткен жөн. Бұл маңызды миссия Съездің құндылықтарымен де үндесетіні белгілі», - деп жазған Әшімбаев.

Ол Димаш болашақта «өнерімен және креативті жобаларымен бірлік пен келісімді халықаралық деңгейде ілгерілетуге өз үлесін қоса береді» деген сенімін білдірді.