Ақтөбеде полиэтилен өнімдерін шығаратын цех өртенді. Бұл туралы Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Зардап шеккендер жоқ.
— 112 құтқару пультіне Ақтөбе қаласы Алматы ауданындағы қойманың өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жету барысында полиэтилен өнімдерін шығаратын жеке цехтың жанғаны анықталды. Өрт алаңы 40 ш. м. құрады. Құтқарушылардың үйлесімді іс әрекеттерінің арқасындағы өрт тез арада сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, — делінген таратылған ақпаратта.