$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Түркістан облысында жұмысшы мамандықтарын даярлайтын өндірістік комбинат өлместің күйін кешіп келеді

Түркістан облысында  жұмысшы мамандықтарын даярлайтын өндірістік комбинат өлместің күйін кешіп келеді

Түркістан облысында жұмысшы мамандықтарын даярлайтын өндірістік комбинат өлместің күйін кешіп келеді. Мақтаарал ауданындағы оқу орнында екі мыңға жуық бала білім алады. Ғимараттың жөндеу көрмегеніне жарты ғасырға жуықтапты.

Білім беру ұйымы 1978-ші жылдан бері бала оқытып келеді. Ғимараттың өзі одан 20 жыл бұрын салынған. Тым ескі. Жылу жүйесі, электр желілері әбден тозығы жеткен.

БОЛАТ СЕЛЕУБАЕВ, ОҚУ-ӨНДІРІСТІК КОМБИНАТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Мынау токтың сымдарының бәрі 1958-ші жылдан бері жаңартылмаған. Тозығы жеткен әбден. Бұл жерде төрт класс бос қазір. Жылуы жоқ. Бұл жерде жауып қойғанбыз. Полы да нашар. Бір жерін жамасақ, бір жері кетеді. Әлек болумен шаршап жатырмыз.

МҰҚАНБАЙ СЕЙДУАЛЫ, ОҚУШЫ:

Сыныбымыз өте суық. Сыныпта біз көп отыра алмаймыз. Ол жақта үстіңе куртка киіп қана отыруға ғана болады. Құрал-жабдықтарың көбісі ескіріп кеткен. Біз көптеген заттарды үйренгіміз келеді. Бірақ құрал-жабдықтар ескі. Ғимаратта әжетхана, ыстық су ештеңе жоқ. Сол жағынан да қиналамыз.

терезе де тозған. Ойылып тұр. Балалар отыратын партаның өзі жеткіліксіз. Сырттан сұратуға тура келеді дейді директор.

ГУЛБУ ҚУБАТБЕКОВА, ОҚУ-ӨНДІРІСТІК КОМБИНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Көрнекіліктер сол 1978 жылдан бері қарай келе жатқан көрнекіліктер. Тігін бөліміндегі машинкаларымыз да ескі, әбден тозып жетті уже. Баяғы ескі компьютерлермен отырмыз. Ол бірде істесе, бірде істемейді.

Оқу-өндірістік комбинатында көлік айдауды үйреткенмен алаң жоқ. Автодром орнын аудан әкімдігі төрт жыл бұрын өз қажеттілігіне алып қойған көрінеді. Қоятын жер болмағандықтан көліктер жеке үйлерге қойылыпты.

МОЛДАБЕК АҒАТАЕВ, ШЕБЕР:

Районо салды, әкімдік салды. Артында площадкамыз бар еді мәшине айдататын, сол жерді өздері стоянка қылып алды ғой. Мектебіміздің артында азғанта - ақ жер бар. Ол жер тарлық қылады негізі. Не көшеге айдата алмаймыз. Көшеге айдаттық былтыр, ГАИ ұстап алды 4-5 мәрте. Алты боксымыз бар еді гараж, бәрін бұзып тастады ғой.

Алайда оқу ордасындағы бұл қиындықтардан аудандық білім бөлімінің өкілі хабарсыз көрінеді. Бұрын соңды жолы түспеген. Дей тұрғанмен бір үміт жұмысшы мамандықтар жылында секілді. Ескі ғимаратты жөндеуге қаржы бөлуді мәселесі қаралып жатқанын жеткізді.

АСАНХАН ҚОШҚАРОВ, МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:

Білім басқармасына ұсынғанбыз. Егер білім басқармасынан қолдау тапса, биыл күрделі жөндеуге енеді. Сол кезде мәселенің бәрі шешіледі. Техникалық базасының барлығын тиісті нелерге ұсынып, оны да қарайтын боламыз.

Ал көлік жүргізушілерін үйрету үшін арнайы учаске бөлінбек.