Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғындары көше бойын 6 тонна қоқыстан тазартты. «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы бұл жолы Жалпақсай ауылында өтті. Партия мүшелері мен еріктілер де сенбілікке қатысып, бетон сынықтарын, кірпіштерді, тақтайлар мен пластик панельдерді жинастырды. «Бұл мәселе бір сенбілікпен шешілмейді, халықты үнемі тазалық сақтауға бағыттау қажет»-дейді «AMANAT» партиясының мүшесі Бекжан Сүнбеков.
БЕКЖАН СҮНБЕКОВ, ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, АУДАНДЫҚ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жамбыл ауылдық округының жанындағы саяжайға апарар жолдың шеттерінде қоқыстар жиналған. Сол қоқыстарды тазарту жұмыстары жүргізіледі. Енді Ұмтыл ауылдық округының әкімшілік қызметкерлері бар, жалпы Ұмтыл ауылының белсенді тұрғындарымен бірлесіп отырып, 15-20 шақты адам жиналып, қазір біз қоқыстарды тазарту жұмыстарын жүргізетін боламыз.