Түркістан облысындағы Бастауыш партия ұйымының өкілдері өңірде жұмысшы мамандықтарын даярлауға басымдық беруді жоспарлап отыр. Осыған орай өткен семинарға алты қала мен аудандардағы 85 бастауыш партия ұйымының төрағалары қатысты. Олар өңірде партияның ықпал етуімен салынған мектептер мен спорт нысандарын аралады. Семинарда алдағы жұмыс-жоспар айқындалып, бағыт-бағдар жасалды.
ПОЛАТ ТҰРСЫНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Түркістан облысы аграрлық облыс болғандықтан ол жерде де біз жұмысшылар көптеген мамандықтар арасында үйлестіру жұмыстарын жүргізетін боламыз. Бұл енді семинарымыз мен ойлаймын, үлкен бір бағыт-бағдар береді мынау бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына деп.