$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Қызылордада 29 елдімекенді су басуы мүмкін

Қызылордада  29 елдімекенді су басуы мүмкін

Сырдария өзенінде сең жүрді. Қызылордада су басу қаупі бар 29 елді мекен белгіленген. Онда 70 мыңнан аса халық тұрады. Мамандар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Облыс орталығына төнген қауіп сейілді. Дегенмен босаңсуға негіз жоқ. Қазір мұздақтар қаладан 46 шақырым төмен, яғни «Әйтек су» торабының маңына жеткен. Қалыңдығы 20-40 см дейді мамандар. Ол ұстасып, жағдай күрделенсе мұзды жару жұмыстары жүргізіледі. Облыста 61 эвакуациялық жинақтау, 71 қабылдау пункті дайындалған.

БЕЙБІТХАН СПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТЖ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Тереңөзек кентінде, Жалағаш ауданында, Қармақшы ауданында, Қазалы, Арал ауданының елді мекендерінде әрқайсысында 4-5 учаскеден қауіпті деген учаскелер белгіленген. Қызметкерлермен тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылуда. Онымен қоса су тасқыны бола қалған жағдайда жергілікті әкімдіктің кестесіне сәйкес арнайы инертті материалдар, құм салынған қаптар дайындыққа келтіріліп отыр.