Алматыда кәмелетке толмаған ұл балаға ағасы үш жылдан бері жыныстық зорлық көрсеткен. Жасөспірімнің әкесі қайтыс болған соң, анасы үш баланы асырауға шамасы жетпей қиналған. Содан соң, әкесінің ағасы ұлды өз қолына алыпты. Ал, туысының баласы жеткіншек 11 жаста болған кезде оған жыныстық зорлық-зомбылық жасай бастаған. Оның бұл азғындығына үш жыл бойы төзіп келіпті. Жәбірленуші үйден қашып кетіп, бұл бассыздықты әпкесіне айтып, полицияға шағымданған. Сол сәтте ағасының туыстары келіп, балаға қайтадан қысым келтірген.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірімнің туысы полицияға жеткізілді. Оның қатысуымен тергеу амалдары жүргізілуде. Құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды.