Елордада дүниежүзілік экскурсоводтар форумы өтуде. Шара екі күнге созылады. Оған экскурсиялық қызметтің 100-ге жуық астаналық және өңірлік өкілдері қатысып жатыр. Форум аясында кәсіби құзыреттілікті дамытуға бағытталған шеберлік сыныптары мен тренингтер өтеді. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, экскурсиялық істегі жаңа әдістерді талқылайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара- туристік қызметкерлер үшін кәсіби даму мен ынтымақтастығын айқындайтын жаңа мүмкіндік.
БОТАГӨЗ ҚАЙЫПОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІК ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ораторлық мәдениетті дамыту. Тіл мәдениетін байыту, ғылыми қауысдастықпен жұмыс жасау себебі этнография, тарих, рух құндылықтарығ ғылымды өзіне тартады. Тағы атап өтетін медцинаттармен жұмыс жасау. Сонымен қатар Астана қаласындағы эко ұйымдармен, эко туристік ошақтарымен танысу пайда болады.
САЛТАНАТ ӘБЖАНОВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГИД, ЭКСКУРСИЯ ЖЕТЕКШІЛЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ :
Қаламызда жыл сайын түрлі мәдени орындар ашылып жатыр. Әрине біз бұның барлығын өзіміздің экскурсиялық турымызға бірнеше тілді қосуымыз қажет. Қазір бізге Польша, Қытай, Россия мемлкеттерінен туристер жиі келеді. Бұл -өте қуантарлық жағдай.