$503.05 €542.99 ₽5.98
×

Ауыр дерттен көз жұмған баланың есімін пайдаланып, жұрттан заңсыз ақша жинаған

21.02.2025ж. 20:00
275
Ауыр дерттен көз жұмған баланың есімін пайдаланып, жұрттан заңсыз ақша жинаған

Ауыр дерттен көз жұмған баланың есімін пайдаланып, жұрттан заңсыз ақша жинаған. Бұл туралы марқұм баланың анасы біліп, алаяқтың әрекетін тоқтату үшін құқық қорғау органдарына жүгінген.

Полицейлер күдікті ретінде Түркістан облысының тұрғынын ұстады. Ол әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, баланың еміне деп ақша жинаған. Алайда, тексеріс барысында оның 2023 жылы қайтыс болғаны анықталды. Күдікті Instagram арқылы 11 миллион теңгеден астам қаражат жинап, 5000-нан астам аударым қабылдаған.

НҰРЖАН КЕҢЕСХАНҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Түркістан облысының тумасы ұсталды. Күдікті тұлғаның есепшотына 5000 нан астам аударым жасалған. Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 190-шы бабы 2-ші бөлігі 4-ші тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп, басқа да қылмыстарға қатысы бар жоғы анықталуда